Эммануэль Макронның елімізге сапарын күтеміз - Қасым-Жомарт Тоқаев

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Франция Республикасының Президенті Эммануэль Макрон жұмыс сапарымен Қазақстанға келуі мүмкін. Бұл жөнінде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Францияның Экономика және қаржы министрі Бруно Ле Мэрді қабылдадым. Екі ел ынтымақтастығының қарқыны жоғары, әлеуеті зор. Күн тәртібінде – жақын арада жүзеге асырылатын ірі жобалар, соның ішінде экология саласы бар. Президент Э.Макронның елімізге сапарын күтеміз», - деп жазды Мемлекет басшысы.


Еске сала кетейік, бүгін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Францияның Экономика және қаржы министрі Бруно Ле Мэрді қабылдаған болатын.

Соңғы жаңалықтар