Эммануэль Макрон Франциядағы зейнетақы реформасына қатысты мәлімдеме жасайды

None
Фото: Christophe Petit Tesson, Pool via AP
АСТАНА. ҚазАқпарат – Франция Президенті Эммануэль Макрон ертең, 22 наурызда елдегі зейнетақы реформасына қатысты мәлімдеме жасайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС сілтеме жасап.

Эммануэль Макрон Елисей сарайында жасайтын мәлімдеме Астана уақытымен сағат 18:00-де көрсетілетін болады.

Айта кетсек, Франция билігі азаматтардың зейнетке шығу жасын 62-ден 64 жасқа дейін көтеру туралы заңды парламентте дауысқа салмай, мақұлдау туралы шешім қабылдады. Заң жобасы елде жаппай наразылық тудырып, ереуілдің өршуіне себеп болды. Франциядағы шеру туралы ҚазАқпарат сарапшысының материалынан оқуға болады.
Соңғы жаңалықтар