Эммануэль Макрон Астанаға сапарлайды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Ақордада ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова Францияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Филипп Мартинэмен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

«Қазақстан мен Франция арасында өте жақсы өзара қарым-қатынас қалыптасқан. Франция біздің үлкен стратегиялық серіктесіміз әрі сенімді досымыз. Өзіңізде білетіндей, Франция біздің ең ірі экономикалық серіктестестеріміздің ондығына кіреді. Дипломатиялық қарым-қатынас орнаған 26 жылдың ішінде өзара іс-қимылдың тамаша сәулеті қалыптасқан. Бұған қоса, ағымдағы жыл Франция мен Қазақстан арасында стратегиялық серіктестік туралы шартқа қол қойылуының 10 жылдығымен де ерекшеленеді», - деді кездесу барысында Гүлшара Әбдіқалықова.

null

Мемлекеттік хатшы екі елдің Мемлекет басшылары арасында да тығыз байланыс орнағандығын еске салып өтті.

«Таяуда Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Франция Президенті Эммануэль Макронмен Бельгияда өткен үлкен саммит алаңында кездесті.  Нақты мәселелер талқыланды. Франция Президенті келесі жылы Астанаға келуге ниет танытып отырғанын білеміз. Меніңше, аталған сапар біздің ынтымақтастығымызға қосымша серпін береді», - деді ол.

null

Гүлшара Әбдіқалықова екі елдің білім саласындағы ықпалдастығы да кеңейіп келе жатқанын айтты.

ҚР Президентінің бастамасымен 2014 жылы Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университеті жанынан «Сорбонна-Қазақстан» институты ашылғанын еске салды. Осы ретте тараптар білім саласында басталған бастамаларды одан ары жалғастыруға уағдаласты.

Кездесу соңында ҚР Мемлекеттік хатшысы француз Елшісіне Қазақстан-Франция ынтымақтастығын одан ары нығайту ісіне мол табыс тіледі.

null 

Соңғы жаңалықтар