Эмиссия төлемдері тек экологиялық шараларға жұмсалады – Мағзұм Мырзағалиев

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев IX Азаматтық форумда жаңа Экологиялық кодекстің маңызды бағыттарын түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Министрдің айтуынша, қазіргі уақытта экологиялық төлемдер қоршаған ортаға зиянды әсерді азайту үшін емес, бюджетті толықтыру көзі ретінде ғана қабылданып отыр.
«Қазіргі заңнамада эмиссия үшін түскен төлемдерді табиғатты қорғау шараларына жұмсау міндеттелмеген. Салдарынан әкімдіктерге түсетін қаражаттың тек 45%-ы ғана экологияға бөлінеді (2019 жылы – 87 млрд теңге). Осыған байланысты (жаңа кодексте) эмиссия төлемдерінің барлық 100% тек экологиялық іс-шараларға жұмсалатын болады.
Соңғы кездері байқалған табиғатты қорлау фактілері ластаушы адамға (жеке және заңды тұлғаға) «экологиялық таза» болудан гөрі айыппұлдарды «уақытылы» төлеудің оңайырақ екенін көрсетеді. Осыған байланысты әкімшілік айыппұлдардың мөлшерін ұлғайту көзделген», - деп өз сөзін толықтырды Экология министрі.
Өткен жылдың соңында жаңа Экологиялық кодекстің жобасы Парламент Мәжілісіне енгізілді. Қыркүйек айынан бастап күн сайын жұмыс топтарының отырыстары өтті. Кодекс таяуда екінші оқылымнан өтіп, Парламент Сенатына енгізілді.
- Көлсай мен Қайыңды көлінде коньки тебуге бола ма - министрлік жауабы
- Үш қалада ауа сапасы нашарлайды
- Екі қалада ауа сапасы нашарлайды
- Қазақстанда 18 қаңтардан бастап ескірген ауыл шаруашылығы техникалары утилизацияға қабылданады
-
Қарағанды облысында киік мүйіздерімен браконьерлер ұсталды
-
Сенбі күні Өскемен, Теміртау және Балқашта ауа ластанады
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам