+7 (701) 759 90 19
USD 428.05 EUR 501.2
RUB 5.47 CNY 63.87
Jańalyqtar

Емхана алдындағы ұзын-сонар кезек: №7 клиникалық аурухана жағдайды түсіндірді

2020 жылғы 21 қыркүйек 15:17
Бөлісіңіз:
Емхана алдындағы ұзын-сонар кезек: №7 клиникалық аурухана жағдайды түсіндірді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Бүгін Алматыдағы №7 қалалық клиникалық аурухана алдында ұзын-сонар кезек пайда болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әлеуметтік желіде Алматыдағы № 7 қалалық клиникалық аурухана алдындағы ұзын-сонар кезектің видеосы пайда болды. Бейнежазбадан тұрғындардың дәрігерге қаралуға кіргізбей жатқанына шағымданып жатқанын көруге болады.

Өз кезегінде №7 қалалық клиникалық аурухананың баспасөз қызметі емхана жұмысы таңғы сағат 08: 00-де басталатынын айтты. Ал адамдар таңғы 07: 00-ден келген. Сондай-ақ, науқастар алдын ала жазылу арқылы қабылданады.

«Коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу мақсатында емхананың кіреберісінде келушілерге алдын ала дезинфекция жұмысы жүргізіледі. Қабылдау кезінде науқастар емхана ішінде әлеуметтік арақашықтықты сақтауы тиіс. Емхана ұжымы бұл туралы үнемі ескертеді, алайда емханаға келушілердің барлығы бірдей бұл талапқа құлақ аса бермейді. Осы мүмкіндікті пайдаланып, емхана әкімшілігі пациенттерінен санитарлық нормаларды сақтауды сұрайды», - деп жауап берді №7 қалалық клиникалық аурухананың баспасөз қызметі.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT