Емдеудің заманауи тәсілдерін енгізу медицинаның даму көрсеткішін жақсарта түсті - С.Сембиев

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - «Нұр Отан» партиясының XVI съезiнде Нұрсұлтан Назарбаевтың ҚР Президенттігіне көшбасшы партия атынан сайлауға қатысу жөніндегі шешімі елімізде денсаулық сақтау саласының одан әрі дами түсетінін ұқтырып отыр. Бұл туралы Аршалы аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері Сәндібек Сембиев айтты.

Оның айтуынша, Елбасы Н.Назарбаев денсаулық сақтау нысандарының материалдық-техникалық базасын жақсартуға ұдайы көңіл бөліп келеді.

«Нұр Отан» партиясының XVI съезiнде ҚР Президентi Нұрсұлтан Назарбаевтың партия жетекшісі ретінде алға қойған міндеттері көңілден шыққанын баса айтып өтуге болады. Ол барлық мәселелерге кеңінен тоқталып, алдымызда тұрған негізгі міндеттерді саралады. Әсіресе, кешенді алдын алу шаралары мен емдеудің заманауи тәсілдерін енгізу нәтижесінде саланың даму көрсеткіші жақсара түскенін айтқан сөзі көңілге сенім ұялатты. Оған Елбасының: «Қазақстан хирургтеріне әлемнiң түкпiр-түкпiрiнен науқастар келiп жатыр» деген сөзі айқын дәлел. Осы орайда, біздің аудан бойынша медицина саласында атқарылып жатқан шаруалар аз емес.

«Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы бойынша ауданда дәрігерлік амбулатория мен медициналық пункт ашылды. Өткен жылы республикалық бюджет есебінен 18 миллион 300 мың теңгенің сандық флюроаппаратын сатып алдық. Сондай-ақ, ауданда 8 дәрігерлік амбулатория, 16 медициналық, 4 фельдшерлік-акушерлік пункт бар. Ал, олардың материалдық-техникалық жағдайын жақсартуға мемлекет тарапынан да айтарлықтай көмек көрсетілуде. Сондықтан, «Нұр Отан» партиясының XVI съезiнде Нұрсұлтан Назарбаевтың ҚР Президенттігіне көшбасшы партия атынан сайлауға қатысу жөніндегі шешімі елімізде денсаулық сақтау саласының одан әрі дами түсетінін ұқтырып отыр», - дейді Сәндібек Сембиев.

Соңғы жаңалықтар