Елжан Біртановтың үстінен қозғалған қылмыстық іс сотқа түсті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың үстінен қозғалған қылмыстық іс сотқа түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық сотының баспасөз қызметі мәлім етті.

«Қылмыстық іс сотқа түсті. Бүгінгі таңда іс сот өндірісіне қабылданған жоқ. Қылмыстық іс жүргізу кодексінің нормаларына сәйкес, судья келіп түскен іс бойынша 5 тәулік ішінде жалпы немесе қысқартылған тәртіппен басты сот талқылауын тағайындау не істі алдын ала тыңдауды өткізу туралы шешім қабылдайды. Ол туралы қосымша хабарлаймыз», - деп жазылған ресми мәліметте.

Еске салсақ, Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты Елжан Біртановты үйұамақта ұстау мерзімін 14 қаңтарға дейін ұзартқан болатын.

Оның алдында Қаржы мониторингі агенттігі бұрынғы Денсаулық сақтау министріне қатысты қылмыстық істі тергеу мерзімі созылатыны туралы ақпаратты жоққа шығарған.

«БАҚ және әлеуметтік желілерде бұрынғы денсаулық сақтау министрі Е.Біртановқа қатысты тергеуде оның кінәлі екендігінің дәлелдемелері жоқ болуына байланысты қылмыстық істі тергеп-тескеру мерзімдерін созу туралы ақпарат таратылуда. Бұл ақпараттың ақиқат еместігін және оның қоғамда ағымдағы жағдай туралы қате түсінік қалыптастыруға бағытталғанын хабарлаймыз. Агенттің қылмыстық істі тергеуді осы жылдың 7 шілдесінде аяқтады, бұл туралы жұртшылыққа бірнеше рет ақпарат берілді. Осы уақыттан бастап қорғау тарапы қылмыстық іс материалдарымен танысуда. Тек содан кейін іс сотқа мәні бойынша қарастырылуы үшін жолданады», - делінген агенттік хабарламасында.


Соңғы жаңалықтар