Елжан Біртановтың ісі: Сот тыңдауы қашан өтетіні белгілі болды
2022 жылғы 20 қаңтар 11:01

Елжан Біртановтың ісі: Сот тыңдауы қашан өтетіні белгілі болды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың ісі бойынша алдын ала сот тыңдауы қашан өтетіні белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Алдын ала тыңдау 26 қаңтарға белгіленген», - деп хабарлады Нұр-Сұлтан қалалық сотының баспасөз қызметі.

Ресми мәлімет бойынша, тыңдау ашық режимде өтеді.

Қылмыстық іс Нұр-Сұлтан қаласының №2 Сарыарқа аудандық сотының өндірісіне келіп түскен.

Істі қарайтын судья – Ибрагим Әлкенов.

Бұған дейін Елжан Біртановтың үстінен қозғалған қылмыстық іс сотқа түскенін жазған болатынбыз.

Еске салсақ, Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты Елжан Біртановты үйұамақта ұстау мерзімін 14 қаңтарға дейін ұзартқан болатын.

Оның алдында Қаржы мониторингі агенттігі бұрынғы министрге қатысты қылмыстық істі тергеу мерзімі созылатыны туралы ақпаратты жоққа шығарған.


Jańalyqtar

MURAǴAT