Елжан Біртанов жылап көмек сұраған ақтөбеліктің өтінішін жеке тыңдады

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеге келген Үкіметтің жұмыс тобы халықпен кездесті. Інісінің науқас екенін айтқан ақтөбелік тұрғын Ақбота Нурадинова Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтан көмек сұрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қала тұрғыны Ақбота Нурадинова інісі Жеңіс Турадиновтың жағдайын айтты. Ол 22 жастағы ісінің ауруханаға өз аяғымен барып, 1 жылда төсекке таңылғанын жеткізді.

«Дәрігерлер қарап, консилиум құрылды. Бірақ жағдайы жақсармады. 10 ай болды, әлі облыстық ауруханада жатыр. Бауыр церрозына шалдыққан», - деді Ақбота Нурадинова. Жиын кезінде Денсаулық сақтау министрі шағым айта келген тұрғынмен жеке сөйлесті.

«Ақтөбе облыстық ауруханасында ем қабылдап жатыр. Тексеруден соң трансплантация жасау мәселесі көтерілді. Біздің бақылауымызға алынды», - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиев. Министр сұқбаттан кейін науқастың жағдайымен танысу үшін ауруханаға баратынын айтты.

«Медициналық қызметтің сапасы және қолжетімділігін арттыру басты тапсырманың бірі. Соңғы жылдарда осы саланы көп мәселе бар. Көбі медицина қызметтің сапасына қатысты болды. Бұл проблеманың негізгі себебі - кадр тапшылығы. Өкінішке қарай, жалақасы төмен дәрігерлер, медицина қызметкерлері жекеменшік клиникаларға кетіп жатыр. Енді 1 шілдеден бастап денсаулық сақтау саласындағы төмен жалақы алатын мамандардың еңбекақысы 30 пайызға артады. Есеп бойынша 225 мың медицина қызметкерінің жалқасысы өседі. Ақтөбе облысы бойынша 1500 дәрігердің, барлығы 10 500 медицина қызметкерінің жалақысы көтеріледі», - деді Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов.

Айта кетейік, алдағы үш жылда Қазақстан бойынша 595 медициналық ұйым ашылады. 90 пайызы ауылда салынады. Ақтөбе облысы бойынша 59 нысанның құрылысы жүрсе, оның 30-ы дәрігерлік амбулатория, өзгесі фельдшерлік пункт. Министрдің айтуынша, жаңа ашылған медицина мекемелеріне грант негізінде білім алған жас мамандар жіберіледі.

Соңғы жаңалықтар