Елжан Біртанов үйқамақта тағы 2 ай отыратын болды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановты үйқамақта ұстау мерзімі тағы бір айға ұзартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жоғарыда аталғандарды назарға ала отырып, қазіргі бұлтартпау шараларын өзгертуге негіз болатын себептердің жоқ екенін ескеріп, сот шешімге келді. Е.Біртановқа қатысты үйқамақта мерзімін ұзарту туралы өтініші негізді деп ұйғарды. Осылайша сот күдікті Е.Біртановтың үйқамақта ұстау мерзімін 2 айға дейін ұзарту керек деп есептейді. Үйқамақта ұстау мерзімі 2021 жылдың 14 қарашасынан 2022 жылдың 14 қаңтарына дейін есептеледі», - деді Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының судьясы Ақмарал Исаева.

Еске салсақ, былтыр бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов қамауға алынған болатын. Оған қатысты аса ірі көлемде бюджет қаражатын ысырап ету фактісі бойынша қылмыстық іс тергеліп жатыр.

Бұған дейін Қаржы мониторингі агенттігі бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановқа қатысты қылмыстық істі тергеу мерзімі созылатыны туралы ақпаратты жоққа шығарған болатын.

Бір ай бұрын Елжан Біртановтың үйқамақта болу мерзімі 14 қаршаға дейін ұзартылған еді.


Соңғы жаңалықтар