Елжан Біртанов онкологиялық науқастарды емдеудің жаңа тәсілдерін атады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов онкологиялық ауруларға шалдыққан науқастарды емдеудің жаңа тәсілдерін атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Үкімет отырысында «ҚР-да онкологиялық аурулармен күрес жөніндегі 2018-2020 жылдарға арналған кешенді жоспары» туралы баяндама жасаған Елжан Біртанов соңғы 10 жылда Қазақстанда қатерлі ісік аурулардың өсу үрдісінің 9,5 пайызға ұлғайғанын, өлім-жітім көрсеткіші 28,5 пайызға төмендегенін атап өтті.

«Кешенді жоспардың мақсаты қатерлік ісіктердің ауыртпалығын төмендету болып табылады. Аталған жоспардың негізгі мақсаттары: профилактиканы дамыту және қауіп факторларын басқару, онкологиялық аурулардың жоғары тиімді ерте диагностикасы, онкологиялық көмек көрсетудің интеграцияланған моделін енгізу, онкологиялық көмекті цифрландыруды, кадрлық әлеует пен ғылымды дамыту», - дейді министр.

Кешенді жоспар бойынша Астанада онкологиялық көмек көрсетудің үйлестіруші рөлін іске асыратын Ұлттық онкологиялық орталықты құру көзделген.

«Кешенді жоспарды іске асыруға 35,1 млрд теңге бөлінді. Оның ішінде: халықтың нысаналы топтарын скринингтермен қамтуды ұлғайту арқылы онкологиялық ауруларды ерте анықтауға, диагностика мен ісікке қарсы емді бақылау үшін ПЭТ зерттеулері қызметтерін ұлғайтуға, онкологиялық ауруларға күдігі бар пациенттердің диагностикалық қызметтерге қолжетімділігін арттыруға, қатерлі ісіктерге молекулярлық-генетикалық тестілеуді енгізуге, телепатология арқылы диагностиканың күрделі жағдайларына халықаралық консультациялар жүргізуге бағытталады», - дейді Елжан Біртанов.

Бұдан өзге министр онкологиялық ұйымдар үшін орталық цитостатистикаты орталықтан сұйылтуға арналған жабдықтарды сатып алуды жоспарлап отырғанын атап өтті. Бұл антисептикалық дәрілерді тиімді, қауіпсіз және ұтымды пайдалануды қамтамасыз етеді. Қазіргі таңда министрлік медицина саласына IBM Watson for Oncology жасанды зердені енгізу бойынша жұмыстар атқарылуда. Аталған алаң онкологтарға дәлелденген медицинаның негізінде жеке емдеу әдісін ұсынып, онкологиялық сараптауға, шетелдік медициналық оқулықтарға қол жеткізеді.

Елжан Біртановтың айтуына қарағанда, кешенді жоспарды іске асыру үшін жеке инвестициялар тартылатын болады.

«Осы мақсатта мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің механизмдерін пайдалана отырып, 149 бірлік жабдық сатып алу жоспарланған. Министрлік онкологиялық қызметтің инфрақұрылымын дамыту бойынша ұсыныстарды қарастыруға және ынтымақтастыққа дайын. Осыған байланысты біз жергілікті атқарушы органдарды жеке сектормен өзара тиімді қарым-қатынас орнатуға шақырамыз», - дейді министр.

Соңғы жаңалықтар