+7 (701) 759 90 19
USD 386.44 EUR 428.37
RUB 6.06 CNY 54.93
Jańalyqtar

Елжан Біртанов медициналық көмек көрсетудің жаңа тәсілдерін ұсынды

2019 жылғы 18 маусым 09:41
Бөлісіңіз:
Елжан Біртанов медициналық көмек көрсетудің жаңа тәсілдерін ұсынды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанда медициналық көмек көрсетудің қандай тәсілдері қажет. Бұл мәселе туралы Үкімет үйінде өтіп жатқан отырыс барысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Елбасының тапсырмасы бойынша тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің (тегін медициналық көмек) жаңа үлгісі және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (медициналық сақтандыру жүйесі) жүйесіндегі медициналық көмек пакеті әзірленді. Олар 2020 жылдың қаңтарынан бастап қолданысқа енеді. Бұл жұмыс БҰҰ тұрақты даму мақсаттарына сәйкес жүргізілді. Жалпы танылған әлемдік денсаулық сақтау стандарттары денсаулыққа байланысты қаржылық тәуекелдерден қорғауды, сондай-ақ созылмалы инфекциялық емес ауруларды басқаруды қамтамасыз ететін медициналық-санитарлық қызметтермен жаппай қамтуды айқындады», - деді Елжан Біртанов Үкімет отырысында.

Министрдің айтуынша, бюджеттік шығындардың жыл сайын ұлғаюына қарамастан, тегін медициналық көмекті қаржыландырудың қазіргі деңгейі халықтың медициналық көмекке өсіп келе жатқан сұранысын қамтамасыз ете алмай жатыр. Министрліктің бағалауынша тегін медициналық көмекті қаржылық қамтамасыз ету тапшылығы тек 2017 жылы 363 млрд теңгені құраған.

«Соның салдарынан бұл бағыттағы шығын 2017 жылы денсаулық сақтаудың жалпы шығыстарының 42 пайызына (678 млрд тг) жетті. Бұл Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ұсынған шекті деңгейден екі есе жоғары», - деді Елжан Біртанов.

Министр атап өткендей, жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, халықты медициналық қамтамасыз етудің үш деңгейлі жүйесі әзірленген. Бірінші деңгей - ҚР барлық азаматтарына, оралмандар мен тұрақты тұратын шетелдіктерге мемлекеттік бюджет есебінен тегін медициналық көмек беруді қамтамасыз етеді. Бұл пакет тегін медициналық көмектің мынадай түрлерін қамтиды: тіркелген жері бойынша медициналық-санитарлық алғашқы көмек, жедел көмек, санитарлық авиация және шұғыл стационарлық көмек, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді қоса алғанда, әлеуметтік мәні бар аурулар мен негізгі созылмалы аурулар кезінде медициналық көмектің толық спектрі. Екінші деңгей - сақтандырылған халық үшін медициналық сақтандыру жүйесі пакеті - ол тегін медициналық көмектен тыс қызметтерді қамтамасыз етіп, аурулардың кең спектрі бойынша консультациялық, диагностикалық, жоспарлы стационарлық көмек және тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, стационарды алмастыратын көмек, оңалту және қалпына келтіру емін қамтиды. Үшінші деңгей - бұл тегін медициналық көмек және медициналық сақтандыру жүйесінің пакеттеріне кірмейтін медициналық қызметтер. Олар ақылы немесе ерікті медициналық сақтандыру есебінен ұсынылады.

«Медициналық көмек пакеттерінің жобаларын сарапшылар егжей-тегжейлі пысықтады. Олар өңірлердің денсаулық сақтау басқармаларымен, мүдделі мемлекеттік органдармен, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен келісілді. Денсаулық сақтау министрлігінің қоғамдық кеңесінде қаралып, мақұлданды. Бекітуге ұсынылатын медициналық көмек пакеттерін қолдауды және 2020 жылдан бастап міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін тұрақты енгізу үшін барлық қажетті шараларды іске асыруды қолдауыңызды сұраймын», - деді Елжан Біртанов.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT