+7 (701) 759 90 19
USD 447.60 EUR 489.41
RUB 5.71 CNY 63.05
Jańalyqtar

Елжан Біртанов круиздік лайнердегі қазақстандықтардың жағдайы туралы баяндады

2020 жылғы 18 ақпан 11:20
Бөлісіңіз:
Елжан Біртанов круиздік лайнердегі қазақстандықтардың жағдайы туралы баяндады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов коронавирус шығуына байланысты Жапония жағалауында оқшауланған круиздік лайнердегі қазақстандықтардың жай-күйіне қатысты деректерімен бөлісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Діни мейрам кезінде карантин режімін сақтау керек Министр ұлттық қауіпсіздік үшін енгізілген шараларға түсінік берді Коронавирус: Қазақстанда 11 науқастың жағдайы ауыр

«Жапонияның Денсаулық сақтау министрлігімен тікелей байланысымыз бар. Олардың деректеріне сәйкес, дәл қазіргі уақытта олардың да вирус жұқтырғаны (коронавирусты) туралы ақпарат жоқ. Мұнан бөлек, азаматтарымызбен де тікелей байланыстамыз», - деді министр Үкімет отырысынан кейін.

Оның атап өтуінше, круиздік кемедегі қазақстандықтардың денсаулық жағдайлары жақсы.

«Қазіргі уақытта біз Сыртқы істер министрлігімен бірге еліміздің азаматтарын Қазақстанға жеткізу мәселесін пысықтап жатырмыз», - деді Елжан Біртанов.

Айта кетерлігі, кеме 5 ақпаннан бері карантинде тұр. Карантин 19 ақпанда аяқталуы тиіс. Ол аяқталған соң, азаматтарымызда коронавирус белгілері болмаса кемеден шығарылады.

Жапония лайнерден босатылған жолаушыларды жерге түскеннен кейін тағы бір мәрте тексеруді жоспарлап отыр.

ҚР Сыртқы істер министрлігінің мәліметі бойынша, кеме бортында қазақстандық екі әйел мен 8 және 12 жасар екі бала бар. Олардың жағдайы жақсы, шағымдары жоқ. Жолаушылар тамақпен және медициналық қорғану құралдарымен қамтамасыз етілген.

Фото: Franck Robichon / EPA / ТАСС
Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT