+7 (701) 759 90 19
USD 413.12 EUR 452.86
RUB 5.82 CNY 57.92
Jańalyqtar

Елжан Біртанов коронавирустан емделіп жатқан пациенттермен кездесті

2020 жылғы 22 мамыр 15:05
Бөлісіңіз:
Елжан Біртанов коронавирустан емделіп жатқан пациенттермен кездесті

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Алматы қаласына жұмыс сапары аясында жаңадан салынған жұқпалы аурулар ауруханасына барып, коронавирус инфекциясынан емделіп жатқан пациенттердің жағдайын білді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ведомство мәліметінше, ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов модульдік кешенде орналасқан «И.С. Жекенова атындағы қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасы» филиалында еңбек етіп жатқан дәрігерлермен жүздесті және науқастардың да жағдайын сұрады.

«Госпитальда жақсы жағдай жасалған, емделудеміз. Медицина қызметкерлері өте мұқият, әрдайым сөзімізді жерге тастамайды және қиын кезде үлкен қолдау көрсетті», - деді Анастасия Захарова (аты-жөні өзгертілді).

Министр де науқастың тез сауығып кетуін тіледі.

Аталған жұқпалы аурулар ауруханасында 280 төсек-орын, 6 клиникалық бөлімше, 28 төсектік реанимация бөлімшесі бар.

Медициналық жабдықтар: рентген жүйесі, компьютерлік томография, ультрадыбыстық диагностика аппараттары, эндоскопиялық жабдықтар, өкпені жасанды желдету аппараттары, мониторлар, перфузорлар және тағы басқалары орнатылған әрі жұмыс істейді.

Елжан Біртанов, әсіресе алдыңғы шепте жүрген дәрігерлерге ерекше көңіл бөлді. Министр әріптестеріне қиын да, жауапты сәтте көрсеткен адал қызметтері үшін алғыс айтты. Сондай-ақ, ол медицина қызметкерлеріне арналған қосымша төлемдерге қатысты сөз қозғады.

«Маған жалақыдан басқа әлеуметтік төлемдер бөлінді «- деді бас медбике Сайраш Дикимова министрмен әңгіме барысында.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT