Елжан Біртанов коронавирус өрши түскен өңірлерді атады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Еліміздің бірқатар өңірінде коронавирус инфекциясы өрши түсті. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Соңғы 2 аптаның жағдайын қарасақ, шынымен де өсім деңгейі байқалуда. Өткен 2 аптаның ішінде күнделікті өсім деңгейі 5 пайыздан аспады. Соған қарамастан, кейбір өңірлерде коронавируспен тіркелген науқастардың саны артты. Мысалы, Атырау, Қарағанды, Алматы, Жамбыл, Қостанай, Түркістан, Батыс Қазақстан облыстары мен Шымкент қаласында байқалды. Осы өңірлерде коронавирусты жұқтырудың өсімі біріншіден, өкінішке орай, үлкен кәспорындарда тіркеліп отыр», - деді министр Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифинг барысында.

Мысалы, оның дерегінше, Атырау облысында Теңіз кенішінде - 1 063 науқас, Қарағанды облысында - 358 науқас, ал Шымкент қаласындағы «ПетроҚазақстан» ұйымында - 219, Нұр-Сұлтан мен Түркістан қаласындағы құрылыс кәсіпорындарында 80-нен астам науқас тіркелген.

«Сонымен қатар Алматы мен Жамбыл облыстарындағы әскери ұйымдардың ішінде де көп науқас тіркелді. Себебі де белгілі. Карантин кезінде біз, жалпы халық үйде отырған кезде кейбір жұмысшылар, мысалы медицина қызметкерлері, әскери адамдар және жұмысы тоқтатылмайтын кәсіпорындардың мамандары жұмыс істеді. Инфекцияның таралуы тәуекелі жоғары болды және осындай жағдай тіркеліп отыр», - деді Елжан Біртанов.


Соңғы жаңалықтар