+7 (701) 759 90 19
USD 405.69 EUR 455.51
RUB 5.72 CNY 57.42
Jańalyqtar

Елжан Біртанов: Коронавирус инфекциясы бойынша жағдай Үкіметтің бақылауында

2020 жылғы 29 мамыр 19:03
Бөлісіңіз:
Елжан Біртанов: Коронавирус инфекциясы бойынша жағдай Үкіметтің бақылауында

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтыру көрсеткіші 3-5 пайыз деңгейінде екенін мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Павлодарда коронавируспен күреске аудан дәрігерлері мен ЖОО түлектері тартылады Қытайдан Қазақстанға гуманитарлық жүк келді Бір той жасаймын деп қаншама адамның обалына қалмасына кім кепіл - Бақыт Смағұл

«Өкінішке қарай, коронавирус пандемиясы әлі де жалғасуда. Қазақстанда да коронавирус инфекциясының таралуы тоқтаған жоқ. Алайда, инфекцияның таралу қарқыны мен одан көз жұмғандардың санына назар аударсақ, әр елдің көрсеткіші әртүрлі. Қазіргі таңда біздің елде коронавирус жұқтырған 10 мыңнан астам тіркелді. Әйтсе де өсім қарқыны күніне 3-5 пайызды көрсетіп отыр. Көрсеткіштері жоғары аймақтар да бар. Дегенмен кейбір аймақта жағдай қалыпты», - деді Елжан Біртанов Денсаулық сақтау министрлігінің Facebook парақшасында «Хабар 24» арнасы тілшісінің сұрағына жауап бере отырып.

Министрдің айтуынша, Қазақстанда коронавирус инфекциясы бойынша жағдай бақылауда.

«Кейінгі айда қарқынның 5 пайыздан аспағанын байқадық. Бұл дегеніміз коронавирус инфекциясы бойынша жағдай Үкіметтің бақылауында екенін білдіреді», - деді ол.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059
REDAKTOR
Алтынбек Кумарзак
Алтынбек Кумарзак
954-059

MURAǴAT