+7 (701) 759 90 19
USD 411.66 EUR 465.92
RUB 5.81 CNY 58.79
Jańalyqtar

Елжан Біртанов: Қазақстанға келген 488 мың адам тексерілді, коронавирус тіркелген жоқ

2020 жылғы 20 ақпан 15:18
Бөлісіңіз:
Елжан Біртанов: Қазақстанға келген 488 мың адам тексерілді, коронавирус тіркелген жоқ

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Қазақстанға 6 ақпаннан бастап келген 488 мыңнан астам азаматтың тексерілгенін мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Пандемия кезінде аштықтан зардап шеккендер саны артты - Халықаралық ұйымдар Коронавирус: Гонконгтағы Диснейленд ашылғанына бір ай өтпей жатып қайта жабылды Шалғай ауылдардағы шағын мектептерде сабақтар әдеттегі тәртіппен өте береді - министр

«6 қаңтардан бастап түрлі шаралар қабылданып, 1 ақпаннан бастап ол шаралар күшейтілді. Бүгінгі күннен бастап арнайы бас санитарлық дәрігердің шешімі қабылданып, қосымша санитарлық-эпидемиялық шаралар күшейтілді. Жалпы біздің ең бірінші мақсат – Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасына келіп жатқан азаматтардың денсаулығын тексеріп, бақылауға алу. 6 ақпаннан бастап 488 мыңнан астам азамат (қазақстандық, ішінде шетелдікте де бар) Қазақстанға келді. Олардың бәрін біз шекарада жағдайын тексеріп, температурасын өлшеп қарап отырмыз. Анкета толтырылуда», - деді деді Елжан Біртанов елордада өткен баспасөз мәслихатында.

Министр солардың арасында 175 науқас жатқызылып, емделіп шыққанын айтып өтті. Оларда түрлі инфекциялық респираторлық аурулар болғаны анықталды. Кейін коронавирус инфекциясы бойынша тексеріліп, 160-ы шығарылған.

«Бірақ оларда коронавирус инфекциясы табылған жоқ. Сонымен азаматтар елге келгеннен кейін біздің арнайы медициналық қызметкерлер бәрін мониторингіге алып отырады. Ал жалпы ҚХР-дан келген 24 мың азаматты мониторингілеуге алғанбыз. Қазір 23 647 мониторингіден шығарылды. 14 күндік карантиннен соң қалғанын шығарамыз», - деді ол.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT