+7 (701) 759 90 19
USD 388.07 EUR 427.54
RUB 6.08 CNY 55.36
Jańalyqtar

Елжан Біртанов қазақстандықтарға темекіні қойғызудың жаңа амалын ұсынды

2019 жылғы 16 қазан 12:50
Бөлісіңіз:
Елжан Біртанов қазақстандықтарға темекіні қойғызудың жаңа амалын ұсынды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов заңнамалық тұрғыда электронды сигареттерді темекілерге теңестіруді көздеп отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Аралда заңсыз айналымдағы темекі өнімдері тәркіленді

«Бұл мәселені құқықтық база аясында шешу үшін заңнамаға бірқатар өзгеріс енгізуді жоспарлап отырмыз. Яғни, электронды сигареттерді, вейпингтерді дәстүрлі темекілерге теңестіру керек. Бізде дәстүрлі темекіге деген талап қатал. Мейрамханада, қоғамдық орындарда темекі шегуге болмайды. Алайда бұл жерде мәселе заңнамалық түрде реттелмеген жаңа өнімдерде болып тұр. Күні ертең мен Парламентте заңнамаға енгізілетін жаңа өзгерістерді таныстырамын. Ол бойынша жоғарыда аталған өнімдер қатаң реттелетін болады», - деді Елжан Біртанов елордада өтіп жатқан Онкологиядағы Дүниежүзілік көшбасшылар саммитінде тілшілердің сұрағына жауап бере отырып.

Еске сала кетсек, елордада кеше Онкологиядағы Дүниежүзілік көшбасшылар саммиті басталған еді. Форум жұмысына Халықаралық обырға қарсы одақ (UICC) президенті, жоғары мәртебелі ханшайым Дина Майред, Қазақстан Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов қатысуда.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бүгін саммитке қатысушыларға құттықтау хат жолдады.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT