+7 (701) 759 90 19
USD 425.07 EUR 494.14
RUB 6.06 CNY 66.55
Jańalyqtar

Елжан Біртанов еліміздегі коронавирус жағдайына қатысты тың деректерді айтты

2020 жылғы 7 сәуір 09:52
Бөлісіңіз:
Елжан Біртанов еліміздегі коронавирус жағдайына қатысты тың деректерді айтты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов еліміздегі коронавирусқа қатысты жағдайды баяндады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Коронавирус: Елдегі ахуал, Цой болжамы, шекарадағы бақылауды күшейту Алматыда коронавирус жұқтырғандар саны азайды Уақытша ашылған 103 инфекциялық стационар жабылды - министр

Белгілі болғанда, елімізде қауіпті індетті 670 адам жұқтырған. Өткен тәулік бойынша жаңа 78 науқас тіркеліп, өсім деңгейі 13 пайыз болды. Тіркелген 78 науқастың ішінде Нұр-Сұлтан қаласында 2 науқас, Алматыда 3 науқас. Өткен тәулік бойынша басқа өңірлерде 73 жаңа науқас тіркеліп, өсім 29 пайыз болды.

Ең үлкен өсім Қарағанды облысында (16), Ақмола облысында (19), Қызылорда облысында (13), Жамбыл облысында(12) байқалды.

«Қазіргі кезде ең үлкен өсім өңірлерде байқалып отыр. Жалпы 6 науқас қайтыс болды. 46 науқас емделіп, шығарылды. Қазір науқастардың 20-сының жағдайы нашар. Жетеуі жасанды тыныс алу аппаратында жатыр. Кеше үш адам жасанды тыныс алу аппаратынан алынып, жағдайы жақсарды. Жағдайы орташа 88 науқас бар. Жеңіл жағдайда 510 науқас жатыр. Ел бойынша байланыста болған 19 112 адам бар. Олардың 97 пайызы табылып, оқшауланды», - деді Елжан Біртанов.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT