Елжан Біртанов елімізде онкологтардың тапшылығы бар екенін айтты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Парламент Мәжілісіндегі Үкімет отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов онкологиялық қызметтегі проблемаларды атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Министр бүгінде еліміздегі онкологиялық қызметтің өзекті мәселелеріне тоқталды. Бұл ретте Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) елдерімен салыстырғанда қатерлі ісіктерді ерте даигностикалау көрсеткішінің төмен болуы (ҚР - 26,2%, ЭЫДҰ 46 %-дан 70%-ға дейін); онкологиялық скринингтермен қамту пайызының төмендігі (ҚР-60 %, ЭЫДҰ- 70%); диагностикалаудың жоғары технологиялық әдістерінің және инновациялық емдеудің, оның ішінде сәулелік терапияға қолжетімділіктің жеткіліксіздігі; онкологиялық науқастарды емдеу мен байқауды толық көрсету үшін медициналық ақпараттық жүйелердің толыққанды интеграцияланбауы мәселесі бар.

Е. Біртановтың сөзіне қарағанда, бүгінде онкологтардың тапшылығы байқалып отыр, осы орайда қажетті дәрігерлер бойынша 125,6 бос орын тіркелді.

«Сәйкесінше, Қазақстанда обырдың бөлек түрлері бойынша 5-жылдық өміршеңдік көрсеткіші әлемнің дамыған елдеріне қарағанда төмен», - деді ведомство басшысы.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Үкімет сағаты барысында министр қазақстандықтар қатерлі ісіктің қай түріне жиі шалдығатынын айтты.

Соңғы жаңалықтар