+7 (701) 759 90 19
USD 447.67 EUR 491.36
RUB 5.74 CNY 63.07
Jańalyqtar

Елжан Біртанов ел азаматтарына Оңтүстік Кореяға бармауға кеңес берді

2020 жылғы 27 ақпан 15:53
Бөлісіңіз:
Елжан Біртанов ел азаматтарына Оңтүстік Кореяға бармауға кеңес берді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов ел азаматтарына Оңтүстік Кореяға бармауға кеңес берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Алматыда 24 коронавирус ошағы бар Қостанай облысында 8 пойыз бағыты тоқтатылды «Ауыл» партиясы Мемлекет басшысының Үндеуін қолдап, мәлімдеме жасады

«Біз Оңтүстік Кореядағы ахуалды жіті қадағалап отырмыз. Өткен тәуліктің ішінде одан арғы күнге қарағанда өсім қарқыны шамамен 48 пайызды құрады. Бұл өте жоғары қарқын саналады. Өкінішке орай, арту тенденциясы байқалады. Қытайда өсімнің ең жоғары қарқыны тәулігіне 65-70 пайыз болған еді. Сондықтан егер жағдай күрделеніп, пациенттер саны мен өсім қарқыны қауіп төндіретіндей болса, онда біз батыл шаралар қабылдаймыз. Бүгінгі күнгі мәселе қайтып келгендерді карантинге жатқызу болып отыр. Шекараны жаппағанмен 1 наурыздан тасымал санын қысқартамыз. Мүмкіндігінше ол жаққа бармауға кеңес береміз. Өйткені, олардың барлығын кейін алып келуге тура келеді. Қазіргі уақытта қанша азаматымыздың елге оралғысы келетіндігі туралы мәселені талқылап жатырмыз. Әзірше Кореяда қауіп деңгейі айтарлықтай жоғары емес», - деді министр БАҚ өкілдерімен кездесуінде.

Оның дерегінше, бүгінде Оңтүстік Кореяда 30 мың Қазақстан азаматы жүр.

«Айталық, олардың 25 мың елге оралғысы келеді. Ал бұл өте үлкен мөлшер. Бізде жұқпалы аурулар ауруханаларында резервтік орындардың саны шамамен 7 мың ғана. Бұған қоса, шамамен 3,5 мың медициналық ұйымды карантинге айналдыра аламыз», - деді Елжан Біртанов.

Министрдің айтуынша, бұл орындар да жетпей жатса, онда шетелден келген азаматтар оқшауланады. Оқшуланған адамдарға қолайлы тұрмыстық жағдай жасалады.

«Бұл бас бостандығынан айыру емес, тек карантин ғана. Айрықша жайттарда қабылданатын шара. Біздің ойымызша, көп жағдайда үй карантинінің өзі де жеткілікті болады. Өйткені, 14 күннен кейін біз оның ауырғанын не ауырмағанын біле аламыз. 14 күн күннен кейін ауру жұқтырмағанына, қауіптің жоқтығына көз жеткізгеннен соң карантинды жалғастыру қажет болмайды», - деді ол.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Алтынбек Кумарзак
Алтынбек Кумарзак
954-059

MURAǴAT