+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 465.73
RUB 5.79 CNY 58.91
Jańalyqtar

Елжан Біртанов дәрігерлерге, полицейлерге, еріктілерге алғыс айтты

2020 жылғы 1 маусым 18:04
Бөлісіңіз:
Елжан Біртанов дәрігерлерге, полицейлерге, еріктілерге алғыс айтты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов медицина қызметкерлеріне, полицейлерге және еріктілерге алғыс білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазақстанда COVID-19 таралуына жол бермеу жолында жан салып еңбек еткен медицина қызметкерлеріне, полицейлерге және еріктілерге ерекше алғыс білдіремін.

Сіздер елімізде төтенше жағдай жарияланған алғашқы күннен бастап азаматтардың денсаулығын, қауіпсіздігін күзеттіңіздер. Біз Сіздердің еңбегіңізді бағалаймыз және елдің амандығы үшін үлкен үлес қосқандарыңызды түсінеміз. Сіздердің әрекеттеріңіз – біз үшін ерліктің, батылдық пен ынтымақтың айқын үлгісі!

Өздеріңізге және жақындарыңызға зор денсаулық тілеймін!», деп жазды Елжан Біртанов Facebook-тегі парақшасында.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT