Елжан Біртанов бюджет қаражатын ысырап етті деген күдікпен қамауға алынды

2020 жылғы 3 қараша, 12:00
Елжан Біртанов бюджет қаражатын ысырап етті деген күдікпен қамауға алынды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов қамауға алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қаржы мониторингі комитетіне сілтеме жасап.

Қаржы мониторингі комитетінің экономикалық тергеу қызметі бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановқа қатысты аса ірі көлемде бюджет қаражатын ысырап ету фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр.

Елжан Біртановқа қатысты сотпен қамауда ұстау бұлтартпау шарасы санцияланған.

«Тергеу мүддесіне байланысты қосымша ақпарат жарияланбайды» дейді комитеттен.


Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar