Елжан Біртанов болашақ дәрігерлермен кездесті

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Санжар Асфендияров атындағы ҚазҰМУ студентерімен кездесті. Министр медициналық волонтерлікке ресми бастама беріп, медициналық білім ордаларының студенттерін «волонтер жылының» іс-шараларын жүзеге асыруға белсене қатысуға шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Кездесу барысында денсаулық сақтау министрі медицина саласында волонтерлік қызметті дамыту үшін үлкен мүмкіндіктер бар екенін атап өтті.

«Әлемнің барлық елдерінде медициналық кадрлар тапшылығы бар. Біз Қазақстанда ең заманауи халықаралық хаттамалар бойынша емдеуге міндеттіміз. Бұл қомақты қаржыны талап етеді, сондықтан біз жалақыдан үнемдеуге мәжбүрміз. Біз мұны реттеуге тырысып, жалақыны көбейтіп жатырмыз. Осы ретте волонтерлер көмегі өте маңызды. ҚазҰМУ ректоры Талғат Сейтжанов ауылдық медицинаға қолдау көрсетсек жақсы болар еді дейді. Ашығын айтқанда ауылға барғысы келетіндердің саны көп емес. Арнайы медициналық пойыздар ауылдық өңірлерге келген кезде кезекте тұратын ауыл тұрғындарының саны қаншама. Сіздер үшін бұл - патриоттығыңызды көрсетуде ғана емес, сонымен қатар өз тәжірибеңізді байытуға үлкен мүмкіндік. Сіз кіші медициналық қызметші ретінде көп көмек көрсете аласыз. Менің ойымша, бұл оң бастама. Бұл бастаманы барлық университеттер қолдайды деп үміттенемін», - деді Біртанов.

Ол қазір медициналық мамандықтарға үлкен конкурстың бар екенін атап өтті.

«Адамдарға дәрігер болу әрқашан қызық. Дәрігер ақша не пайда үшін емес, көмектесу үшін, науқастардың сауығуы үшін адал еңбек етеді. Дәрігерліктің түпкі мән-мағынасы осында жатыр. Сондықтан біз бәріміз волонтерміз», — деді министр.

Өз кезегінде ҚазҰМУ ректоры Талғат Нұрғожин жиналғандарға волонтерлік бастамаларға қатысқаны үшін алғысын білдірді.

«Біз жастар жылында бірлесе көп жұмыс атқардық. Енді міне, биылғы еріктілер жылында осы қарқында жан-жақты жұмыс істейтін боламыз. Волонтерлік деген - жомарт жүректі адамдардан туындайтын іс. Сондықтан, еріктілер қозғалысының символы - жүрек, ол мейірімді, табандылық пен ерік-жігерді сипаттайды», - деді ҚазҰМУ ректоры Талғат Нұрғожин.


Бүгінгі таңда университетте 2 волонтерлік ұйым жұмыс істейді: «Қазақстанның медицина жастары» және «ҚазҰМУ Волонтерлер лигасы». Онда 200-ден астам белсенді студенттер еріктілер жұмысымен айналысады. ҚазҰМУ волонтерлері балалар үйлеріне хоспистерде жұмыс істейді, қайырымдылық жұмыстарымен айналысады, сондай-ақ көптеген іс-шаралар ұйымдастырылуда.

Айта кетейік, университет 2020 жылға арналған «Еріктілер жылын» өткізу бойынша іс-шаралар жоспарын бекітті.


Соңғы жаңалықтар