Елжан Біртанов әуежайларда неге шұғыл тестілеу жүргізілмейтінін түсіндірді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Қазақстандағы әужайларда вирусты анықтау бйынша неге шұғыл тестілеулер жүргізілмейтінін айтты.

Бұл туралы министр өзінің Facebook-парақшасында жазды.

«Менен әуежайларда неге шұғыл тест жүргізілмейтіні туралы сұрайды. Осыған қатысты айтарым: 2019nCov коронавирусына қатысты шұғыл түрде жүргізілетін тиімді тестілер әлем бойынша жоқ. ПТР диагностикасы бар. Оны соңғы апталарда көптеген мемлекеттер ДДҰ-ның нұсқауы бойынша дайындаған.

Вирус жаңа шыққан. Оған қатысты қазір өнеркәсіп өндірісінде ешқандай тест жоқ. Ең бастысы, қазір біздің өзіміздің тестіміз бар. Ол тек коронавирус жұқтырғанда және осы вирус түріне күдік туғанда көрсетеді. Егер сіз өзіңізді жайсыз сезінсеңіз дәрігерге қаралыңыз. Егер тұмау немесе коронавирус сияқты вирусқа қатысты күдік туса, сізден 10 түрлі вирус штамдары бойынша тест алынады. Аман болыңыздар!»,-деп жазды министр.



Соңғы жаңалықтар