+7 (701) 759 90 19
USD 383.95 EUR 429.26
RUB 6.16 CNY 55.02
Jańalyqtar

Елжан Біртанов: 2020 жылдан бастап денсаулық саласына бөлінетін қаражат кезең-кезеңімен ұлғаяды

2019 жылғы 21 қараша 16:41
Бөлісіңіз:
Елжан Біртанов: 2020 жылдан бастап денсаулық саласына бөлінетін қаражат кезең-кезеңімен ұлғаяды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Өзбекстан астанасында Қазақстанның медицина күндері өтіп жатыр. Ташкенттегі форумға елімізден ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов, Қазақстан Республикасының Өзбекстандағы елшісі Дархан Сатыбалды бастаған 150 делегат қатысуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Дәрігерлер мен медбикелердің жалақысы 30 пайызға дейін көтеріледі – Елжан Біртанов Баласына екпе салдырмаған ата-анаға жауапкершілік қарастырыла ма - министр жауап берді Қазақстанда балабақшаға екпе алмаған балаларды кіргізуге тыйым салынбақ

«Қазақстанда инновациялық технологиялар мен алдыңғы қатарлы медицина ғылымының жетістіктерін тәжірибеде қолдана отырып, халықаралық талаптар деңгейінде жоғары технологиялық медициналық қызметтер ұсынатын Орталық Азиядағы жетекші көп салалы клиникалар шоғырланған. Олардың ішінде – Ұлттық нейрохирургия орталығы, Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы, Травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институты, Сызғанов атындағы Ұлттық институт бар», - дейді ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов.


Дегегаттар қатарында жетекші медициналық орталықтардың, мамандандырылған медициналық және санаторий ұйымдарының, фармацевтика өндірушілерінің, медициналық университеттердің, консалтинг компаниялардың өкілдері бар.

«Қазақстанда денсаулық сақтау саласы – мемлекет басшысының ерекше назарында болатын басты басымдықтардың бірі. 2020 жылдың қаңтар айынан бастап Қазақстан Үкіметінің денсаулық сақтау саласына бөлінетін қаржыны кезең-кезеңімен ұлғайта бастайтыны осыған дәлел бола алады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев денсаулық сақтау саласына кететін шығындарды қазіргі деңгейден 2025 жылдың жалпы ішкі өнімінен 3,2%-дан 5% -ға дейін жеткізу керектігін айтты. Сонымен бірге, Елбасының тапсырысы бойынша 2025 жылға қарай алғашқы медициналық-санитариялық көмек пен халықтың денсаулығы үшін бөлінетін шығындар үлесі 60% дейін жеткізілетін болады», - дейді ол.


Елжан Біртанов Өзбекстан денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен «Өзбекстан Республикасының денсаулық сақтау ісінің үздігі» орденімен марапатталды және Ташкент медициналық академиясының профессоры атағына ие болды.

Сондай-ақ, іс-шара аясында Қазақстан Республикасының жетекші медициналық мекемелері туралы презентация материалдар қойылған көрме өтті. Нәтижесінде екі елдің медициналық мекемелері мен университеттері арасында бірқатар меморандумға қол қойылды.

Еске сала кетсек, бұған дейін Өзбекстанда Қазақстанның медицина күндері өтетіні туралы жазған болатынбыз.















Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Зарина Қаһарман

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT