+7 (701) 759 90 19
USD 443.50 EUR 479.47
RUB 5.79 CNY 62.51
Jańalyqtar

Елжан Біртанов: 20 ақпаннан бері 160 адам карантинге жатқызылды

2020 жылғы 25 ақпан 19:53
Бөлісіңіз:
Елжан Біртанов: 20 ақпаннан бері 160 адам карантинге жатқызылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов елімізде коронавирус инфекциясының алдын алу жұмыстары қалай жүргізіліп жатқанын айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстанда коронавирус жұқтырған алты адам анықталып, жалпы 531 адамға жетті ТЖ режімін бұзған 14 жүргізушінің көлігі айып тұрағына қойылды Қазақстандағы коронавирус бойынша 4 сәуірдің 22.45 уақытындағы эпидемиологиялық жағдай

«Бәріңіз білетіндей, Токиодағы лайнерде біздің де азаматтар бар болып шықты. Олар көп уақыт сол жерде карантинде болып, Жапония мемлекетінің денсаулық сақтау министрлігінің вирус жұқтырмаған деген қағазын алды. Сосын олар Скат әуе компаниясының ұшағымен елге жету үшін Қазақстанға ұшқан. Осы кезде біз Израиль, Австралия, АҚШ елдерінен қосымша ақпарат алдық. Білгеніміздей сол кемеден бұрын сау деп түскен азаматтардың арасында коронавирус жұқтырғандары анықталған. Өкінішке қарай, біз бұл жағдай бойынша Жапония мемлекеттік қызметтерінен ешқандай ақпарат алған жоқпыз. Сонымен мемлекеттік органдармен ақылдасып, тиісті шешім қабылдап, ұшақпен келген басқа да жолаушылар мен экипаж мүшелерін карантинге жатқыздық», - деді Елжан Біртанов «Хабар 24» арнасына берген сұхбатында.

Министрдің айтуына қарағанда, Токиодан ұшып келгендердің бәрі де арнайы медициналық мекемеге жатқызылған. Қажетті тексерістер өткеннен кейін олар үйлеріне қайтарылмақ.

«Олар науқас адамдар емес – сау адамдар. Бірақ қауіпсіздік мәселесі өте өзекті. Ұшып келгендердің туыстарын, жақындарын қорғау үшін біз осындай шешім қабылдап отырмыз. Бұл шешім заңды түрде қабылданған. Бас санитарлық дәрігердің карантин енгізуге заң бойынша құқығы бар», - деді ол.

Елжан Біртанов Токиодан ұшып келгендердің ішінде шетел азаматтары да барын айтып өтті.

«Шетелдіктер де карантин талаптарына бағынды. Әлі толық диагностика өткен жоқ. Карантин аяқталғаннан кейін олар да қайтарылады. Бұл – басқа мемлекеттерде де күнделікті болып жатқан жағдай. Мысалы Жапониядан, Кореядан келіп жатқан азаматтарға қатысты осындай карантин енгізілуде. Әрине жалпы дүниежүзі осындай қиын жағдайда. Әрбір мемлекет өзінің заңы бойынша азаматтарын қорғауда. Біздің де негізгі мақсатымыз – халықтың денсаулығы. Ешқандай қауіп жоқ. Тек карантин. Осы уақытқа дейін Уханьнан 300-ге тарта өз азаматтарымызды, басқа шетелдік азаматтарды әкеліп, карантиннен өткіздік. Ешқандай коронавирус табылған жоқ. Бәрі үйлеріне тарап кетті. Қазір де Қытайдан келетін азаматтарға карантин енгізілетін болады. 20 ақпаннан бастап 160 адам карантинде жатыр. Олардың ішінде отандастарымызбен бірге ҚХР-дың да, басқа елдердің азаматтары бар», - деді ол.

Еске сала кетсек бүгінгі Үкімет отырысында да Елжан Біртанов Жапониядағы лайнерде болған 4 қазақстандық және олармен бірге Токиодан ұшып келген азаматтар карантинде жатқанын мәлім еткен еді.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT