Элвис Преслидің жалғыз қызы қайтыс болды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Америкалық әнші Лиза Мари Пресли – Элвис Преслидің жалғыз қызы 54 жасында қайтыс болды. Бұл туралы әншінің анасы Присцилла Преслидің мәлімдемесіне сілтеме жасаған People журналы жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Жүрегім қарс айрыла сұлу қызым Лиза Маридің арамыздан кеткені туралы қайғылы хабармен бөлісуіме тура келеді», - деді әншінің анасы журналға берген сұхбатында.

Бұған дейін TMZ порталы дереккөздерге сілтеме жасай отырып, әншінің жүрегі тоқтап, жасанды комада жатқанын хабарлаған болатын.

Журналдың мәліметінше, Пресли өзінің өнер жолында үш альбом шығарды: To Whom It May Concern (2003), Now What (2005) және Storm&Grace (2012). Ұзақ уақыт бойы ол Элвис Пресли қайырымдылық қорын басқарды.

Айта кетсек, Пресли осы аптада «Алтын глобус» премиясының марапаттау рәсіміне қатысқан. Онда Элвис Преслидің өмірі туралы баяндайтын «Элвис» (2022) драмалық фильміндегі басты ер адам рөлін сомдаған актер Остин Батлер сыйлыққа ие болды.

Фото: JAMES WHITE/SHUTTERSTOCK



Соңғы жаңалықтар