«Elusive» немесе «Qazaq thunder» - Елеусіновтің кәсіпқой бокстағы лақап аты қандай болады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Кәсіпқой боксқа ауысқан Данияр Елеусіновтің бокс әлеміндегі лақап атының қандай болатыны анықталуда, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Лақап атты таңдауда ортақ шешімге келуге болады деген ойдамыз. Промоутерлер бізбен ақылдасады. Біздің тарапымыздан да ұсыныстар болуы мүмкін. Бізде ұсыныс болмаса, промоутерлердің өздері берген ұсынысты қарастыруға болады. Елеусінов болғаннан кейін мүмкін «Elusive» (Ұстатпас, қолға түспес), болмаса Эддидің (промоутер Эдди Хирн - авт.) өзі ұсынғандай «Qazaq thunder» (Қазақ найзағайы) деген лақап атты алуымыз мүмкін. Оны алдағы уақытта ақылдасып, шешетін боламыз. Жақын арада белгілі болады», - деді боксшы Астанада өткен баспасөз мәслихатынан кейін «ҚазАқпарат» ХАА тілшісіне.

Еске сала кетсек, бүгін Данияр Елеусіновтің кәсіпқой бокстағы промоутері белгілі болды. Боксшымыздың промоутері британдық Эдди Хирн. Эдди Хирн супер ауыр салмақта WBA Super, IBF және IBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы Энтони Джошуаның (20-0, 20 КО), жеңіл салмақтағы WBA Super және IBF чемпионы Райан Барнет (18-0, 9 КО), жартылай орта салмақтағы IBF нұсқасы бойынша бұрынғы әлем чемпионы Кел Брук (37-2, 26 КО) пен орта салмақтағы WBA нұсқасы бойынша бұрынғы чемпионы Дэниэл Джейкобстың (33-2, 29 КО) промоутері болып табылады.

Соңғы жаңалықтар