+7 (701) 759 90 19
USD 384.63 EUR 427.98
RUB 6.08 CNY 54.68
Jańalyqtar

«Елтану» экспедициясы Қарағандыдан Павлодар облысына аттанды

2019 жылғы 8 қазан 21:01
Бөлісіңіз:
«Елтану» экспедициясы Қарағандыдан Павлодар облысына аттанды

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағандыда «Елтану» республикалық туристік-өлкетану экспедициясы жолға аттанды. Биыл қатысушылар Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарын аралайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Оралбай Әбдікәрімов: Тарихи сананың тамыры тереңде Әлдибастау әулиесі Көкшетауда «Ұлы даланың ұлы есімдері» байқауының қорытындысы шығарылды

«Елтану» экспедициясы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы мен «Өз жеріңді таны» жобасы аясында өткізілуде. Мақсаты – этносаралық толеранттылық пен қоғамдық келісімнің қазақстандық моделін нығайту, жастарды патриотизмге тәрбиелеу.

Биыл экспедицияға Абай оқуларының, «Мың бала», «Алғысым саған, Қазақстан!» байқауларының жеңімпаздары, «Ұлт қазынасы» және «Түркі әлемі: Күлтегін жырлары» фестивальдеріне қатысушылар, Қазақстан халқы Ассамблеясының «Жаңғыру жолы» республикалық жастар қозғалысының мүшелері, блогерлер, журналистер мен ғалымдар қатысты.


Экспедиция екі негізгі бағытты қамтиды. 8-10 қазан аралығында делегация Павлодар облысына барады. Экспедиция мүшелері Баянауыл мемлекеттік ұлттық паркіне, Бұхар Жырау кесенесіне, Қаныш Имантайұлы Сәтпаевтың мұражайына, Мұса Шорманұлы мен Мәшһүр Жүсіп кесенесіне баруды жоспарлауда. Сонымен қатар Жасыбай көлін, Қоңыр әулие үңгірін, Сақ қорғандарын және басқа да қасиетті орындарды көруді көздер отыр.


10-12 қазан аралығында экспедиция Шығыс Қазақстан облысына аттанады. Мұнда олар Жидебай-Бөрілідегі Абай атындағы мемлекеттік тарихи-мәдени мұражай-қорығын, Құнанбай құдығын, Зере мен Ұлжан кесенелерін, Абай-Шәкәрім мемориалдық кешенін, Еңлік-Кебек кесенесін, сондай-ақ Бөрілідегі «Алаш арыстары - Мұхтар Әуезов» мұражайын тамашалайды.

Қарағандылықтар осындай өлкетану экспедицияларына екінші жыл қатарынан қатысып келеді. Өткен жылы олар Бұқар Жырау, Қарқаралы және Ұлытау аудандарында болды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Агата Мухамеджанова

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT