Елшілік Түркиядағы жер сілкінісі кезінде қазақстандықтарға жан-жақты қолдау көрсетті

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Түркиядан арнайы ұшақпен келген Қазақстан азаматтарының арасында фармацевт Ермек Бисенбаев пен Елена Ли де болды. Олар Газиантепке іссапармен барған. Оқиғаның куәгерлері көргендерін жан-жақты айтып берді. Қазақстан халқы Қазақстан Республикасының Түркиядағы Елшілігінің қызметкерлеріне және жеке елші Еркебұлан Сәпиевке де қолдау көрсеткені үшін алғысын білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біз фармацевтикалық компанияданбыз. Газиантепке іссапармен бардық. Барлығы көз алдымызда болды, мұндай жер сілкінісін өмірімізде бірінші рет көрдік. Құдайға шүкір, осы уақыт ішінде елшілік қызметкелерімен байланыста болдық. Олар бізге жан-жақты қолдау көрсетті. Қазақстанның Түркиядағы Елшілігіне алғысымызды білдіргіміз келеді. Газиантепке елші Еркебұлан Сәпиевтің өзі көмекшісімен бірге келді. Олар біздің Төтенше жағдайлар министрлігінің делегациясымен бірге болды, оларды қарсы алды, бізді эвакуациялауды ұйымдастырды. Ол жерде рейстер тоқтатылды. Біз сонда қанша болатынымызды білмедік. Бірақ Елшілігіміздің арқасында арнайы ұшақпен ұша алдық», - деді фармацевт Ермек Бисенбаев.

Елена Лидің айтуынша, жер асты дүмпуін сезгеннен кейін бес фармацевттен тұратын топ дереу құжаттарын жинап, киініп, көшеге жүгіріп шыққан.

«Біз қонақ үйде болдық. Шындығында, біз түнде келгендіктен, ахуалды бірден түсіне қоймадық. Біздің команданың бір бөлігі Алматыдан, бір бөлігі Әмірліктен ұшып келді. Қатты шаршадық. Көптеген адамдар сәбилерімен жалаңаяқ далада жүрді. Қар екі сағаттан астам уақыт жауды. Барлығы сыртта тұрып, жер асты дүмпуінің басылуын күтіп тұрды», - деп бөлісті Елена Ли.

Бұған дейін елордаға Қазақстан азаматтары мінген арнайы рейс келгені хабарланған болатын. Түркиядан 16 қазақстандық пен екі Қырғызстан азаматы келген.


Соңғы жаңалықтар