Елшілік Қазақстан азаматтарын мүмкіндігінше Украина аумағынан кетуге шақырды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның Украинадағы елшілігі осы елде тұратын қазақстандықтарға үндеу жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Құрметті Қазақстан Республикасының азаматтары! Украинаның барлық аумағында азаматтық инфрақұрылым мен мемлекеттік нысандарға шабуылдың күшеюіне байланысты Қазақстан Республикасының Елшілігі өз азаматтарын Украинаға барудан бас тартуға, ал елде жүргендерді әуе шабуылы дабылына мұқият мән беруге, өз баспанасында және бомбапанада қалуға шақырады» делінген хабарламада.

Елшілік сондай-ақ Қазақстан азаматтарын мүмкіндігінше Украина аумағынан кетуге шақырады.


Фото: gov.kz



Соңғы жаңалықтар