Елшілер үшін жаңа дипломатиялық қалашық салып жатырмыз - Президент

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада жаңа дипломатиялық қалашық салынуда. Бұл туралы бүгін Ақордада Қазақстанда тіркелген дипломатиялық миссиялар мен халықаралық ұйымдардың басшыларымен кездесу барысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгінде барлық дипломаттың мемлекеттік жұмысы балаларымыздың, немерелеріміздің жайлы ғаламшарда, қолайлы жағдайда өмір сүрулеріне бағытталған. Сондықтан сіздердің Қазақстандағы жұмыстарыңыз өте маңызды деп есептеймін. Сіздер өз елдеріңіз бен Қазақстанның қарым-қатынасын нығайту үшін жұмыс істейсіздер, сол үшін тағы бір мәрте алғысымды білдіремін. Сіздерге зор құрметпен қараймыз», - деп атап өтті Президент.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы шетелдік елшілер үшін елордада жаңа дипломатиялық қалашық құрылысы басталғанын атап өтті.

«Ағымдағы жылы елшілеріміз үшін барынша жақсы жағдай жасау, қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін арнайы дипломатиялық қалашық құрылысын бастадық. Меніңше, келесі жылы біз оны аяқтайтын боламыз. Ол елорданың қолайлы жерінде орналасады», - деп атап өтті Нұрсұлтан Назарбаев.

 

Соңғы жаңалықтар