Елші Ж.Түймебаев Түркия Республикасы Ішкі істер министрі Н.Шахинмен кездесті

None
None
ЫСТАМБҰЛ. 17  қаңтар. ҚазАқпарат /Ирина Дынникова/ - Қазақстанның Түркиядағы Төтенше және өкілетті елшісі Ж.Түймебаев Түркия Ішкі істер министрі И.Шахинмен кездесті.

Жүздесу барысында Ж.Түймебаев ТР Ішкі істер министріне «Қазақстан - Түркия достығын және ынтымақтастығын дамытқаны үшін» медалін табыс етті және екі елдің ішкі істер министрліктерінің өз-ара іс-әрекеттерін дамыту жолындағы мәселелер аясында сұхбаттасты. 

Әңгіме барысында И.Шахин қазіргі кездегі қазақстан-түрік қарым-қатынастарына жоғары баға беріп, Түрік Үкіметінің Қазақстан мен Түркия арасындағы екі жақты және халықаралық мәселелерде кең ауқымды ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ынталы екенін мәлімдеді.  

Өз кезегінде, Елші қазақстан-түрік қатынастарының, оның ішінде ведомстволар арасындағы бірлескен ірі көлемдегі іс-әрекеттер мен жобалар екі жақты ынтымақтастықты нығайтуға және қазақстан-түрік қатынастарының жаңа сатыға көтерілуіне мүмкіндік туғызатынын атап өтті. 

Соңғы жаңалықтар