Елші Ж.Түймебаев Анкарада Парламент сайлауына қатысты жергілікті БАҚ өкілдеріне арнап баспасөз мәслихатын өткізді

None
None
ЫСТАМБҰЛ. 13 қаңтар. ҚазАқпарат /Ирина Дынникова/ - Бүгін Қазақстан Республикасының Түркиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Жансейіт Түймебаев 2012 жылдың 15 қаңтары күні Қазақстанда өтетін Парламент Мәжілісінің сайлауына қатысты түркиялық БАҚ өкілдеріне арнап баспасөз мәслихатын өткізді. 

Ж.Түймебаев алдағы 15 қаңтарда Қазақстан Парламентіне онымен бір мезгілде, жергілікті мәслихаттарға депутаттарды сайлау өтетіндігін мәлім етті. Парламент Мәжілісінде жалпы 107 орын бар. Оның 98-і жалпы сайлауда, ал 9-ы Қазақстан Халқы Ассамблеясының өкілдері арасынан сайланады. Бұл күні дауыс беру 9 мыңнан астам сайлау учаскесінде өтіп, сайлауға 359 депутат 7 саяси партия атынан түседі.

Қазақстан Елшісі атап көрсеткендей, елдегі барлық саяси партиялар үгіт-насихат жұмыстарын ашық түрде жүргізді және барлығына әділ мүмкіншіліктер жасалды. Жалпы алғанда үгіт-насихат жұмыстары 53 баспа басылымдарында, 13 ұлттық телеарнада, ең танымал 19 интернет порталында және 5 ұлттық радиотолқыныда күні бүгінге дейін жалғасуда. 

Сайлауға шетелде жүрген Қазақстан азаматтары да қатысу мүмкіндігіне ие. Шетелдердегі дипломатиялық өкілдіктерде, Елшіліктерде және Бас Консулдықтарда сайлау учаскелері ашылады. Мәселен, Түркияда 15 қаңтар күні Анкарадағы Бас Елшілікте және Ыстамбұлдағы Бас Консулдықта 2 сайлау учаскесі ашылады. Анкарадағы ҚР Елшілігіне 345 адам келіп, дауыс береді деп күтілуде.

Сондай-ақ Ж.Түймебаев, Қазақстандағы сайлау үдерісін бақылау үшін Түркиядан Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы Прламенттік Ассамблеясының (AGİTPA) өкілдері, Еуропа Кеңесі Парламенттік Ассамблеясы атынан депутат Тұғрыл Түркеш, Түркітілдес мемлекеттер Парламенттік Ассамблеясы атынан Түркия Парламенті Қазақстан-Түркия парламентаралық достық тобының басшысы және Ақ Партияның (Ak Parti) Бас хатшысы Халюк Ипек және 8 адамнан құралған тәуелсіз байқаушылар аттанғандығын айтты.  

Соңғы жаңалықтар