Елші Ж. Түймебаев Албания президентімен кездесті

None
None
ЫСТАМБҰЛ. 20 наурыз. ҚазАқпарат /Ирина Дынникова/ - Ыстамбұл қаласында Қазақстанның Түркиядағы, сондай-ақ Албаниядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі міндетін қоса атқаратын Жансейіт Түймебаевтың Албания Республикасының Президенті Бамир Топимен кездесуі болып өтті.

  Кездесу барысында Б.Топи Қазақстанның қазіргі заманғы әлемдегі өсіп келе жатқан рөлін және қазақстандық басшылықтың БҰҰ, ЕҚЫҰ, ИЫҰ, АӨСШК сияқты және т.б. маңызды халықаралық ұйымдар шеңберіндегі белсенді саясатын атап өтті. Ол Албанияның екіжақты және халықаралық мәселелердің кең ауқымы бойынша қазақстан-албан қатынастарын дамытуға әзір екендігін растады.

     Ж.Түймебаев сауда-экономикалық, көлік-коммуникациялық және инвестициялық салалардағы екіжақты қатынастарды дамытудың қажеттігін атап өтіп, мұның  екіжақты ынтымақтастықты кеңейтудегі және қазақстан-албан қатынастарын сапалы жаңа деңгейге шығаруда едәуір ілгерілеуді қамтамасыз ететініне тоқталды.

    Албанияның экономикалық дамуының келешегін айта отырып, Б.Топи Қазақстанның іскер топтарын ел экономикасына, соның ішінде энергетика және туризм саласына инвестиция салуға шақырды. Ол Албанияның Еуропаның Адриатика теңізіне шығатын жолы бар тиімді жерінде орналасқанын және болашақта танымал туристік бағытқа айнала алатынына тоқталып өтті.

   Б.Топи Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевқа өзінің ең ізгі тілектерін жеткізді және Мемлекет басшысын Албанияға ресми сапармен келуге шақырды.

Соңғы жаңалықтар