Елорданың жылу мерзіміне дайындық жұмыстары пысықталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласы жылу энергиясын беру және тарату қызметіне толықтай дайын. Бұл туралы бүгін «Астана-Теплотранзит» АҚ басшылығы қалалық жылу құбырлары нысандарына баруды ұйымдастыру кезінде мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Астана-Теплотранзит» АҚ 2015-2019 жылдарға арналған «Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға қатысады.Соның негізінде компанияға еліміздің Ұлттық қорынан жылумен жабдықтау нысандарын салу үшін жылына 0,02% жеңілдіктегі мөлшерлемемен несиелік қаражат бөлінеді.

«Біздің кәсіпорын жылу энергиясының көзінен тұтынушыға дейін тасымалдауды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ, жылу магистралін, сорғы станцияларын және электр құралдарын жылыту маусымына дайындайды. Өткен жылы атқарылған жұмыстарға келсек, апаттық жағдайлардың алдын алу, жылу ысыраптарының пайыздық көрсеткішін төмендету және табиғи тозуды азайту бағыттары бойынша жүргізілді», - деді «Астана-Теплотранзит» АҚ басқарма төрағасы Василий Крусько.

Жоғарыда аталған жұмыстарға өткен жыл бойынша 1 млрд-тан аса қаражат бөлініп, ол - қаланың жылумен жабдықтау сенімділігін қамтамасыз ету, негізгі құралдарды қайта жаңарту, техникалық қайта жарақтандыру және жылу энергиясын тасымалдау кезінде оның ысыраптарын төмендету бағыттарына жұмсалды.

«Біз алдымен күтімі біткен, жаңалау қажет жылу құбырларына жөндеу жұмыстарын жүргіздік. Бір магистральді құбырмен жаңалағанда бірнеше нысандарды қамтиды. Мысалы, осы біз тұрған жерде тұрғын үйлерден бөлек балабақша, сауда орындары мен кеңселер орналасқан. Бұл дегеніміз жылу құбырларын қайта жөндеу, жаңалау жұмыстарының жүйелі түрде жүргізілуі», - деді басқарма төрағасы.

Үстіміздегі жылы қала бойынша  жылу желілерінің 85% қайта жөндеуден өтті.

Компания басшысының айтуынша, 2018 жылы «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша құрылыс нысандарына 2 млрд. теңге заемдық қаражат бөлінді. Оған жаңадан 2 сорғы станциясы мен ұзындығы 6 704 шаршы шықырымды құрайтын жылу құбырын салу жоспарлануда. 

Соңғы жаңалықтар