Елорданың Жұмыспен қамту орталығынан қандай қызметтерді онлайн алуға болады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елорданың Жұмыспен қамту орталығының бірқатар қызмет түрін онлайн алуға болады. Бұл жайында Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Малика Бектұрова Telegram парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Енді қала әкімдігінің электрондық қызметтер порталында https://ns.gov.kz/ келесі қызметтер қол жетімді болды: санаторлық-курорттық емделуге мұқтаждығы туралы қорытынды беру; мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау; үйде күтім жасау жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету үшін құжаттарды рәсімдеу; медициналық-әлеуметтік мекемелерде арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттарды ресімдеу; мүгедектерге протездік-ортопедиялық көмек көрсету үшін құжаттарды рәсімдеу; мүгедектерді кресло-арбаларымен қамтамасыз ету», - деді қала әкімінің орынбасары.

Оның атап өтуінше, онлайн платформаға көшу қағаз құжат айналымын қысқартады және қазіргі жағдайда адамның адаммен байланысын азайтады.

Нұр-сұлтан қаласының әкімдігінде барлығы 160 қызмет түріне жауап алуға болады. Олардың 83 пайызы автоматтандырылған.


Соңғы жаңалықтар