Елорданың жаңа атауын түркістандықтар қызу қолдады

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Бүгін Түркістан қаласында Астананың Нұр-Сұлтан деп өзгеруіне байланысты мерекелік кеш өтті. Есім хан алаңына жиналған 10 мыңдай көрермен елімізге белгілі эстрада жұлдыздары - «Жігіттер» квартеті мен Ернар Айдар, Дима мен Дана, Айнұр Нұрашева, Нұржан Жүсіпбеков сынды өнерпаздардың концерттік бағдарламасын тамашалады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Эстрада жұлдыздары әннен шашу шашып, жұртшылыққа көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Кешке жиналған көпшілік қауым елорданың аты өзгергеніне, Елбасының есімі ұлықталғанына ризашылықтарын білдірді.

Облыстық ақсақалдар алқасының төрағасы Жарылқасын Әзіретбергенұлы Ұлы даланың кіндігінде орналасқан, Елбасының бастамасымен салынған Астанаға Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың есімін беріп, тарихи тұлға мәртебесін асқақтатқан тарихи шешімді Түркістан облысының халқы да қолдайтынын жеткізді.

Сондай-ақ айтыскер ақын, республикалық, халықаралық ақындар айтысының жүлдегері, «Дарын» жастар сыйлығының иегері Біржан Байтуов та өлеңмен өрілген құттықтауын жолдады.

«Іргесі бекіп, абыройы асқақтаған Қазақ елінің өз көшбасшысын ұлықтап, ерен еңбегін бағалағаны аңғарылады. Барша түркістандықтарды тарихи шешім, тарихи күнмен құттықтаймын!»,-деді Біржан Байтуов.

Ән кешіне жиылған жұртшылық «Еліміз аман, азат халқымыз мәңгі жасасын» деп тарқасты.

nullnullnullnull

Соңғы жаңалықтар