Елорданың үш тұрғыны көлік ұрлап, оның шанағын өзгерткен

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Нұр-Сұлтан қаласының үш тұрғыны Целиноград ауданынан көлік ұрлап, оның шанағын «тюнинг» жасап өзгертіп астанада жүрген. Тәртіп сақшыларына қылмысты ашу үшін бірнеше ай қажет болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақмола облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 2021 жылғы 21 шілдеде Софиевка ауылының 27 жастағы тұрғыны полицияға үй ауласында тұрған «ВАЗ 2114» маркалы автокөлігі ұрланғанын айтқан. Шығын сомасы 700 мың теңгені құрады.

«Жедел-іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері қылмыс жасаған күдіктілердің 19, 27 және 34 жастағы елорданың үш тұрғыны екенін анықтады. Олар шілденің 21-де түнгі уақытта аулада тұрған көлікті сыртқа шығарған. Кейін ашық тұрған жүксалғыш арқылы көліктің ішіне еніп, астанаға айдап әкеткен», - деді ведомстводан.

Осылайша, олар біреудің көлігін жеке мақсатта пайдаланбақшы болған. Күдіктілер ұрланған көліктінің сыртқы шанағына «оттюнинг» жасап, «ВАЗ 2109» көлігіне өзгерткен.

«Полицейлер Қылмыстық кодекстің 188-ші бабының 1-ші бөлігі «ұрлық» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде», - деп толықтырды ведомстводан.


Соңғы жаңалықтар