Елорданың Урбанистика орталығы LRT бойынша тұрғындардың ұсыныс, пікірлерін қабылдайды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ел арасында шу тудырған жеңіл рельсті транспорт немесе LRT-ның ендігі тағдыры қандай болады ?

Осы мақсатта Нұр-Сұлтан әкімдігінің Урбанистика орталығы көлік, құрылыс саласы мамандар мен инженерлер, сәулетшілер мен LRT-ның жағдайын талқыға салғысы келетін ел тұрғындарының ұсыныс, пікірлерін білгісі келеді. Бұл туралы орталық өкілдері Facebook желісіне жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Барлық идеялар мен ұсыныстарды урбанистика орталығының [email protected]. ресми почтасына жіберуге болады.

Алдын ала таңдаулардан соң Урбанистика орталығы үздік деген жобаларды талқылау үшін арнайы шақырту алады.


Соңғы жаңалықтар