Елорданың тәжірибесін басқа қалалар да пайдалана алады - министр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Астананаың келбетіне қатысты Президенттің ескертуін, тапсырмасы мен сынын барлық аймақтардың әкімі ескеруі керек. Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев осылай деді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Хабар» арнасындағы «Ашық диалог» бағдарламасында министрге «Елордаға ерекше маңыз беріліп кеткен жоқ па? Басқа да қалалар бар емес пе?» деген сұрақ қойылды.

«Елбасының өзі де елорданың дамуына ерекше мән беріп отыр. Астана – біздің қала құрылысын жүргізудегі драйверіміз. Бұл - модельді қала. Оның бүкіл инфрақұрылымы біз тәуелсіздік алған уақытта салынған. Сол себепті оның келбетіне қатысты Президенттің ескертуі, тапсырмасы мен сынын барлық аймақтардың әкімі ескеруі керек. Бұл - инвестиция тарту, тұтынушылық бағаның өсімі, қала шетін, қылмыспен күресті күшейтуге қатысты мәселелер», - деді Дәурен Абаев «Ашық диалог» бағдарламасында.

Министр астанада жалпы республикалық деңгейдегі ірі инфрақұрылымдық жобалар жүзеге асырылып жатқанын еске салды.

«Осы инфрақұрылымның табыстылығына қарай оны кең тарату мүмкіндігі арта түседі. Яғни, бұл тәжірибені басқа өңірлерге де қолдануға болады. Қарапайым мысалдарды келтірейін: «Смарт-сити» элементтерін енгізу, интеллектуалдық көлік жүйесін дамыту, бейнебақылау жүргізу. Бұны ескерсек, осындай отырыстардың маңызы арта түседі. Отырыста айтылған ашық әңгіме қала билігіне айқын бағыт береді», - деді ол.

Еске сала кетсек, осы аптада Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елорданы одан ары дамыту мәселелері жөніндегі мәжіліс өткізіп, қаланың бірқатар проблемасына тоқталып, оларды шешуге бағытталған нақты тапсырмалар берген еді.

Соңғы жаңалықтар