Елорданың сол жағалауындағы бірнеше көше уақытша жабылады

None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бас шаһардың Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Мәңгілік Ел даңғылы бойына асфальт төсеу жұмыстарының басталғанын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Осыған байланысты 5-8 тамыз аралығында Алматы көшесінен Орынбор көшесіне дейінгі учаскеде көлік қозғалысы уақытша тоқтайды.

Ал, 8-12 тамыз аралығында Орынбор көшесінен Бұқар Жырау көшесіне дейінгі аралық толығымен жабылады.

Бұған дейін 2-8 тамыз аралығында Достық көшесінен Сарайшық көшесі Мәңгілік Ел даңғылының қиылысына дейінгі учаскенің жабылатынын хабарлаған болатынбыз.

«Елорда тұрғындары мен қонақтары жолдарда кептеліске тап болмауы үшін қозғалыс бағыттарын алдын ала жоспарлауы қажет. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз. Жөндеу жұмыстарын жүргізуге түсіністікпен қарауды өтінеміз», - делінген көлік басқармасының хабарламасында.

Жол жөндеу жұмыстарын жүргізу Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаментің әкімшілік полиция басқармасымен келісілген.



Соңғы жаңалықтар