Елорданың сол жағалауында салынып жатқан тұрғын үй кешені отқа оранды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанадағы сол жағалаудың ортасында «ORDA INVEST» компаниясы салып жатқан тұрғын үй кешені өртеніп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ғимарат Ақмешіт көшесінің бойында, Abu Dhabi Plaza сауда-ойын-сауық орталығына қарама-қарсы орналасқан.

Оқиға орнына өрт сөндірушілер жетіп, өртті сөндіруге кірісті.

Елордалық ТЖД оқиғаның егжей-тегжейін бөлісуге уәде берді.











Соңғы жаңалықтар