Елорданың психолог мамандары әріптестерін қауымдастыққа бірігуге шақырады

None
None
АСТАНА. Мамырдың 14-і. ҚазАқпарат - Елорданың психолог мамандары әріптестерін қауымдастық аясына бірігуге шақырады.

Бұндай ұсыныс бүгін елорда әкімдігінде «Үйлесімді отбасылық қарым-қатынастарды қалыптастырудағы Астана қаласының психологиялық қызметінің ролі» деген тақырыпта «дөңгелек үстел» отырысы барысында мамандар тарапынан түсті.

Мәселен, «Келешек» психологиялық орталығының директоры Наталья Семененко елімізде психологиялық қызметтердің жұмыстарын үйлестіретін кеңестің жоқ екендігін алға тартады. «Сондықтан олар жеке-жеке отау құрып, бастары бірікпей отыр. Жалпы психологиялық қызметтер білім, денсаулық, салаларында, мемлекеттік органдарда, түрлі мақсатты топтармен жұмыс істейтін ҮЕҰ-дарда, сондай-ақ отбасына психологиялық тұрғыдан көмек беретін коммерциялық құрылымдар да бар. Алайда олар қалай психологиялық көмек береді, аталған орталықтардың мамандарының деңгейлері қандай, қай бағытта жұмыс істейді деген мәселелер тыс қалуда», дейді ол. Сондықтан бүгінгі дөңгелек үстел отырысы барысында түрлі құрылымдардағы психологиялық қызметтер бас қосып, отбасына жан-жақты психологиялық көмек беру барысында кім немен жұмыс істейді, қандай мүмкіндіктер бар, психологиялық қызметтің әлеуетті қандай деген мәселерді анықтауды мақсат тұтып отыр.

Н.Семененко білім беру саласындағы мектеп психологтарының білім ошақтарындағы қордаланған проблемаларды шешуге мүмкіндіктері жете бермейді деп санайды. Сондықтан оларды мектеп ұжымынан шығарып, білім беру департаменттерінің қарамағына қосқан дұрыс деген ойын алға тартады.

Іс-шараға тек қана психологтар ғана емес сонымен қатар Астана қаласы әкімдігі жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат комиссиясының мүшелері, түрлі мемлектеттк органдардың өкілдері қатысты.

Соңғы жаңалықтар