Елорданың өткір қырларымен кеңістікті жарып келе жатқан алып мұхит кемесі

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордамыздың сәулетті нысандарының бірі 2001 жылы пайдалануға берілген сыртқы пішіні өзінің өткір қырларымен кеңістікті жарып келе жатқан алып мұхит кемесін елестетін «Қазақстан» спорт сарайы екендігі  сөзсіз. 

Бұл нысанның салынуы жайында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Еуразия жүрегінде» деп аталатын кітабында былай деп жазған болатын: «Қазақстан» спорт сарайының түгелімен мецанаттар қаражатына салынғанын және осынау бірегей құрылысқа 11 миллионнан астам доллар жұмсалғанын еске сала өтейін. Бұл қаражаттар Шеврон, Эксон-Мобил, Испат-Қармет, «Қазақстан альюминийі», Аксесс Индастриз, Филипп Морис, Эке, Паркер дрилиг сияқты белгілі фирмалардан, Дөң мен Соколов-Сарыбай кен байыту комбинаттарынан, Қазхормнан және Ақсу ферроқорытпа зауытынан түсті. Менің өтінішіме дер кезінде көңіл бөлгендері үшін бұлардың баршасына ризашылығымды білдіремін. Осы спорт кешенінің тұтастай отандық материалдардан салынғанын да есте ұстаған жөн. Мұның ең үлкен залы 5 мыңға дейін көрерменді сиғыза алады. Олимпиадалық стандарттағы 1200 көрермен залы бар жүзу бассейні де осында. Басқа да көптеген дүниелері бар. Бір сөзбен айтқанда жаңа Астананың спорт кешендері де талапқа сай деңгейге көтерілді. Бүгінде жаңа спорттық құрылыстар Астана тұрғындары мен қонақтарының ең көп баратын сүйікті орындарына айналды».

null 

Айта кетерлігі, спорт сарайының жалпы ауданы 22 000 шаршы метрден астам.  4 этажды ғимаратта  8 жолға арналған 50 метрлік бассейн, 5000 көрерменге арналған хоккей мұз аренасы, қонақүй, мейрамхана, кафе, барлар орналасқан. «Қазақстан» Спорт сарайының негізгі түстері металлик және ультрамарин ретінде кездейсоқ таңдалмаған. Бұл су мен мұзды білдіреді. Бұл жоба таза экология көзқарасы тұрғысынан оң жобалардың бірі болды. Ғимарат энергия үнемдеуде де бірегей жоба саналады. Мұз айдынның суытқыш машиналарынан шығарылатын жылу ауаға тарамайды. Ол жылуалмастырғыштар арқылы бассейндегі суды қыздыру үшін пайдаланылады. Бұл реттегі экономикалық тиімділік жылына шамамен 2,5 млн. теңгені құрайды.

null 

Бір шатырдың астында мұз айдыны мен бассейнді біріктіру - «Қазақстан» Спорт сарайының басты ерекшелігі саналады. Ғимаратта спорттың көптеген түрлері бойынша жарыстар, мәдени-көпшілік шараларды да өткізуге болады.

null null null 

Фото: archvl.kz

Соңғы жаңалықтар