Елорданың өнерпаз жастары сөзін Елбасы жазған патриоттық әнді шырқады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымы барша қазақ елін ҚР Тұңғыш Президенті күнімен құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақконцерт әртістері Елбасының қазақ мәдениетінің өркендеуіне қосқан зор еңбегін жоғары бағалап, мерекеге орай өздерінің жылы лебізін ұйымның әлеуметтік желідегі парақшасында жеткізді.

Мерекеге орай өздерінің музыкалық сәлемдемесін Қазақконцерттің «Астана сазы» мемлекеттік фольклорлық ансамблі жолдап бастады. Ансамбль өнер ұжымының көркемдік жетекшісі, композитор Бауыржан Ақтаевтың «Қайран елім» туындысын орындады. Музыкалық бейнероликте Елбасының эклюзивті фотолары көрініс тапқан.


Ал «Астана мюзикл» мемлекеттік театры құттықтауын баршаға белгілі «Елім менің» әні арқылы жеткізді. Талантты жастардың басын біріктірген театр Нұрсұлтан Әбішұлының сөзіне жазылған бұл патриоттық туындыны нақышына келтіре жоғары деңгейде орындап шықты. Елордалық театр тарихи видеоархив арқылы бейбіт күннің жетістігін ерекше көрсетті.


«Қазақконцерт» ұйымының «Халық қазынасы» ұлттық өнер бөлімі Елбасымен кездескен сәтін айтып, ерекше естелігімен бөлісті. Нұрсұлтан Әбішұлының ақ батасы мен ақыл-кеңесі Қазақконцерт әртістеріне рухани демеу болып, өнердегі зор жетістікке қол жеткізуге күш берді. Әншілер Елбасын ұлттық өнердің нағыз жанашыры деп атап, Тұңғыш Президенттің алдында өнер көрсеткендерін зор мәртебе санайтынын жеткізді.


Өздерінің жүрекжарды лебіздерін жолдаған әртістер осылайша жаңа форматта барша қазақстандықтарды мерекемен құттықтады. Мерекелік әсем әуендер және Елбасыға қатысты өнегелі естеліктерді «Қазақконцерт» ұйымының әлеуметтік желідегі парақшасынан көруге болады.


Соңғы жаңалықтар