USD 434.48 EUR 492.61
RUB 5.68 CNY 68.44
Jańalyqtar

Елорданың «Өндіріс» тұрғын алабында жаңа спорт кешені салынды

2021 жылғы 27 қараша 05:44
Бөлісіңіз:
Елорданың «Өндіріс» тұрғын алабында жаңа спорт кешені салынды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қаласындағы «Өндіріс» елді мекенінде жақында жаңадан дене шынықтыру және сауықтыру кешені ашылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімдігіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Елордада террористік қауіптің «қызыл» белгісі алынып тасталды Елордада коронавирус жүкті әйелдер мен балалар арасында жиілей түсті Елордада әуежайдан вокзалға арнайы автобустар қатынайды

Жаңа кешен құрылысы «Елорданың тұрғын алаптарын дамыту туралы» тұжырымдамасы аясында салынды.

Жаңа спорт нысаны Өндіріс және С 638 көшелерінің қиылысында бой көтерді. Ол жергілікті тұрғындардың бұқаралық спортпен шұғылдануына ыңғайлы болмақ. Толықтай жабдықталған нысанда футзал, волейбол және баскетбол алаңы бар. Сол сияқты дене шынықтыру және сауықтыру кешенінде арнайы балалар мен жасөспірімдер үшін карате, самбо, кикбоксинг, муай-тай, киокушинкай, грэпплинг, пауэрлифтинг, қол күресі, таеквондо, панкратион, қазақ күресі, джиу-джитсу сынды спорттың 12 түрінен үйірме ұйымдастырылады. Оған 350 бала тартылмақ.

Жаңа спорт нысанында жаттығатын балалар болашақта республикалық және халықаралық жарыстарға қатыса алады. Ал үздік жас спортшылар Нұр-Сұлтан қаласының құрамасына, сол сияқты ұлттық құрамаларға іріктеледі.

Айта кетейік, жаңа кешеннің ішінде күреске арналған 215 шаршы метр зал, 93,2 шаршы метр аумақта жаттығу залы, 595 шаршы метр аумақта әмбебап зал жасақталған. Бұдан бөлек, ғимарат ішінде қарттарға арналған клуб пен оқырман залы бар кітапхана болады.

Айта кетейік, Байқоңыр ауданының әкімдігі аталмыш елді мекен тұрғындарына жайлы жағдай жасап, әлеуметтік-мәдени инфрақұрылымның дамуына баса мән береді.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT