Елорданың Нұра ауданында полиция басқармасы құрылмақ

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Елордада жаңадан құрылған Нұра ауданында полиция басқармасы жасақталады. Бұл туралы ашық талқыға шығарылған Үкімет қаулысында жазылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«ҚР Ішкі істер министрлігі Астана қаласының полиция департаменті «Нұра» ауданының полиция басқармасы мемлекеттік мекемесi құрылсын. Мемлекеттік мекемені қаржыландыру ҚР Ішкі істер министрлігін ұстауға арналған республикалық бюджетте және жергілікті бюджетте көзделген қаражат есебінен жүзеге асырылады», - делінген құжатта.

Қаулы 30 наурызға дейін көпшілік талқылауда болады.

Еске салайық, өткен жылдың желтоқсан айында елордада жаңа аудан құру туралы шешім қабылданып, оған Нұра атауы берілген еді. Кейін оның шекарасы бекітілді.


Соңғы жаңалықтар