Елорданың мектеп оқушыларына жолақы жеңілдігі тағы да ұзартылуы мүмкін

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Астана LRT» компаниясы қалалық қоғамдық көліктерде оқушыларға арналған жолақысын 40  теңге көлемінде төлеу уақытының ұзартылуы мүмкін екендігін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Тасымалдаушылардың шешімімен 1 қазанға дейін ұзартылған болатын. Дегенмен, бұл мәселе тағы бір мәрте қаралмақ. Себебі, 161 мың оқушыға 130 мың мектепке арналған жол жүру билеті берілген. Оның ішінде 22 мың бірінші сынып оқушысының 7 мыңнан астамы ғана алған. Бұл мәселе төңірегінде дүрбелең тумауы үшін оны үнемі бақылауға алып отырмыз және 1 қазанға дейін уақыт берілген. Таяу уақытта нақтылайтын боламыз және мерзім ұзартылуы да ықтимал», - деді - «Астана LRT» ЖШС басқармасы төрағасының орынбасары Бейбіт Есжанов елорда әкімдігінде өткен баспасөз мәслихатында.

Еске сала кетсек, бұған дейін де елордада оқушыларға қоғамдық көліктерде жүру ақысын қолма-қол 40 теңгеден төлеу 15 қыркүйекке дейін ұзартылған болатын. Алайда, барлық оқушылардың бірдей жол жүруге арналған карта алмауына байланысты қоғамдық көліктің жол ақысына жеңілдік 1 қазанға дейін ұзартылған еді.

 

 

Соңғы жаңалықтар